Каспий жойылып кете ме: Шетелдік ғалым нақты болжам айтты

Су деңгейі 20 жылдық үздіксіз төмендеуден кейін тұрақтала бастаған

Каспий жойылып кете ме: Шетелдік ғалым нақты болжам айтты
Фото: istockphoto.com

Каспий теңізі су деңгейінің көп жылдық төмендеуіне қарамастан, таяу болашақта жойылып кетпейді. Бұл туралы ғалым Михаил Болгов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «РИА Новости»-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, соңғы 20 жылда теңіз деңгейі айтарлықтай төмендегенімен, қазір жағдай біртіндеп тұрақтануға жақын.

«Алдағы жылдары белгілі бір тұрақтану күтеміз, өйткені теңіз деңгейі шамамен 20 жыл бойы төмендеп, белгілі бір тепе-теңдік күйіне келді. Енді осы тепе-теңдік маңында айтарлықтай кең болжамдық аралықта ауытқуы мүмкін, бірақ ешқандай жағдайда 30 метрге дейін төмендемейді. Көз жетерлік болашақта Каспий сақталады», – деді Болгов.

Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі 1990 жылдардың ортасынан бері байқалып келеді. Ал 2025 жылы ол тарихи ең төменгі деңгейге жетті. Бұған дейін өңірдегі бірқатар елдің билігі экологиялық қауіптерге алаңдап, шұғыл шара қабылдау қажеттігін мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Каспийге белгісіз сұйықтық төгілгені Ақтау тұрғындарын алаңдатқаны хабарланған еді.