Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер тұрғындарға ескерту жасады
5 сәуір күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. «Қазгидромет» РМК мамандары Алматы, Атырау және Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қолайсыз метеожағдай деген не?
Синоптиктердің болжамынша, бұл қалаларда ауа райының бірнеше факторы (баяу жел, тұман және инверсия) бірігеді. Мұндай құбылыстар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына әкеп соғады.
Ауаның ластану деңгейі тікелей синоптикалық метеорологияға, яғни желдің жылдамдығына, жауын-шашын мен температураға байланысты болмақ.
Сақтық шаралары
Мамандар ауа сапасының төмендеуіне байланысты тұрғындарға келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын маңда ұзақ жүрмеген абзал. Балалар мен жүкті әйелдерге серуендеуден бас тарту ұсынылады.
Өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүргені дұрыс.
Ашық аспан астында физикалық белсенділікті азайтып, жаттығуларды жабық кешендерде өткізген жөн.