Қазақстанда студенттерге арнап экологиялық сағат өтіп жатыр

Іс-шара ел бойынша сәуір айының соңына дейін жалғасады

Қазақстанда студенттерге арнап экологиялық сағат өтіп жатыр
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері сәуір айынан бастап ел бойынша экологиялық сағаттар өткізуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана департаменті бұл іс-шараны бүгін бастады. Экологиялық сағат С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде бірінші курста оқитын 50 студенттің қатысуымен өтті.

Кездесу барысында қатысушылар экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны құрметтеудің маңыздылығы және әрбір адамның табиғи ресурстарды сақтаудағы рөлі туралы білді.

Іс-шараның мақсаты – экологиялық білім беруді жақсарту және жастар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Экологиялық сағаттарды өткізу жұмысы ел бойынша аумақтық департаменттерде сәуір айының соңына дейін жалғасады.