Қабырғаға соғып, үстіне секірген: Алматыда мысықты қинаған жасөспірімнің видеосы жарияланды
Оның ата-анасына айыппұл салынды
Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде мектеп оқушысы мысыққа қорлық көрсетіп, қинаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы қаласы полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған видеожазба бойынша Түрксіб ауданы полиция басқармасы тексеріс жүргізгенін хабарлады.
«Оқиға қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Кәмелетке толмағанның жеке басы анықталды. Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Өзіндік тәртіптік есепке қойылған кәмелетке толмаған мен оның отбасымен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Полиция департаменті жануарларға қатыгездік жасауға жол берілмейтінін және Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салады», - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметі.