АҚШ Ирандағы ең ірі көпірді ракеталық соққымен қиратты (ВИДЕО)

АҚШ Ирандағы ең ірі көпірді ракеталық соққымен қиратты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

АҚШ Тегеранға жақын орналасқан ірі автокөлік көпіріне соққылар жасап, оны құлатты. New York Times хабарлауынша, бұл нысан Иран тарапынан әскери логистика үшін пайдаланылған - көпір арқылы баллистикалық ракеталар мен дрондардың компоненттері тасымалданған. Ал Иран мәліметі бойынша, шабуыл салдарынан сегіз адам қаза тапқан,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

АҚШ президенті Дональд Трамп соққыны растады және «Ирандағы ең ірі көпір қиратылды және енді ешқашан пайдаланылмайды» деді. Ол құлау процесін бейнелейтін видеоны жариялап, осындай шабуылдардың жалғасуы мүмкін екенін атап өтті.

Иран шабуылды азаматтық инфрақұрылымға жасалған әрекет деп сынады. Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи мұндай әрекеттердің «Иранды капитуляцияға мәжбүрлемейтінін» мәлімдеді.

Өз кезегінде Трамп Тегеранға «кеш болмас бұрын» келісімге келуді талап етіп, АҚШ әлі «елдегі барлық мақсаттарды жойып та қойған жоқ» деді.

Мақалада
#АҚШ #Иран #шабуыл