02.04.2026, 16:50
Жаңалықтар
Ұлттық валюта нығайып келеді: доллардың құны 472 теңгеге түсті
Ұлттық банктің 2 сәуірге белгілеген ресми доллар бағамы жарияланды
Фото: freepik.com
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 472,31 теңгені құрап, 2,76 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 2 сәуірге белгілеген ресми доллар бағамы – 475,09 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 470,03 теңге, сату бағамы – 472,3 теңге.
Астанада доллар орта есеппен 468,04 теңгеден сатып алынып, 475,04 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкентте доллардың сатып алу бағамы орташа есеппен 471,48 теңге болса, сату бағамы 473,53 теңгені құрайды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті