Атырауда полицейді боқтаған мас әйел қамауға алынды
Оқиға 31 наурыз күні болды
Атырау тұрғыны полиция қызметкеріне құрметсіздік танытып, бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облысы сотының мәліметінше, қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша (былапыт сөз айтып, құқық қорғау органы қызметкеріне құрметсіздік таныту) әйелге қатысты іс қаралған.
Сотта анықталғандай, 2026 жылғы 31 наурызда әйел мас күйінде полиция қызметкеріне былапыт сөз айтып, оған құрметсіздік білдірген.
Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жауап алу хаттамасымен және бейнежазбамен толық дәлелденген.
Аталған баптың санкциясына сәйкес, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған.
Сот қаулысымен әйел кінәлі деп танылып, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Алайда оның жеке басы, материалдық жағдайы және кәмелетке толмаған баласының бар екені ескеріліп, айыппұл мөлшері 30%-ға қысқартылып, 90 825 теңгені құрады.