Алматыда алаяқтар қарияларды алдап, 700 млн теңгесін жымқырмақ болған

Алаяқтарға ақша аударудың 185 әрекетінің алды алынды

Алматыда алаяқтар қарияларды алдап, 700 млн теңгесін жымқырмақ болған
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласында алаяқтар қарияларды алдап, 700 млн теңгесін жымқырмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық ПД мәліметінше, профилактикалық және жедел іс-шаралар аясында қашықтан жасалатын алаяқтық әрекеттерінің жолы бастапқы кезеңінде-ақ кесілуде. Дайындалған бейнематериалдар жинағында өз жинақтарынан айырылып қала жаздаған азаматтардың нақты оқиғалары көрініс тапқан. Алайда полицияның уақытылы араласуының арқасында мұндай жағдайлардың алдын алу мүмкін болды.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде алаяқтарға ақша аударудың 185 әрекетінің жолы кесілді. Сонымен қатар, қолма-қол қаражатты жеткізумен айналысқан «курьерлер» ұсталып, олардан ірі көлемдегі ақша тәркіленді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде азаматтарға алаяқтардың олжасына айналуы мүмкін болған 700 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Сонымен қатар, профилактикалық жұмыс та белсенді түрде жүргізілуде. Алаяқтық схемаларда пайдаланылған 17 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталып, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы мыңдаған ақпараттық материалдар әзірленіп, таратылды», – делінген ПД хабарламасында.

Алматы қаласының полициясы азаматтарды, әсіресе егде жастағы адамдарды сақ болуға шақырады:

  • бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз;
  • жеке деректер мен банк реквизиттерін жария етпеңіз;

күмән туындаған жағдайда дереу полицияға жүгініңіз.