СҚО-да 50-ден асқан ер адам жұқа мұз үстінде қалып қойып, өзен суына ағып кете жаздады (ВИДЕО)

Ер адам ТЖМ-ның жаңа техникасымен құтқарылды

СҚО-да 50-ден асқан ер адам жұқа мұз үстінде қалып қойып, өзен суына ағып кете жаздады (ВИДЕО)
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин

Петропавл қаласында жұқа мұз үстінде қалған ер адам ТЖМ-ның жаңа техникасымен құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Есіл өзені, «Учитель-3» саяжай қоғамы маңында болған. Қиын жағдайға ұшыраған 1972 жылы туған ер адам көмек айналасынан көмек сұраған. Оның даусын кездейсоқ өтіп бара жатқан куәгер естіп, бірден 112 нөміріне хабарлаған.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Құтқару барысында бүгін алғаш рет кезекшілікке шығарылған жаңа аэроқайық шешуші рөл атқарды.

«Техниканың жоғары өтімділігі құтқарушыларға зардап шегушіге тез жетіп, оны қауіпсіз жерге эвакуациялауға мүмкіндік берді. Дәрігерлер тексерісінен кейін ер адамды ауруханаға жатқызу қажет болмады, ол үйіне жеткізілді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.