Абай облысында мас жүргізуші бірнеше көлікке зақым келтірді

Жүргізуші куәлігі жоқ әйел тізгінге ие бола алмай қалған

Абай облысында мас жүргізуші бірнеше көлікке зақым келтірді
Фото: © istockphoto.com

Абай облысының Курчатов қаласында жол-көлік оқиғасы болды. Жүргізуші куәлігі жоқ әйел адам тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған бірнеше көлікті соққан. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға қалай болды?

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, көлік тізгінінде жүргізуші куәлігі жоқ әйел болған. Ол мас күйінде күйеуіне тиесілі көлікті басқарып, тұрақта тұрған көліктерге соқтығысқан. Сараптама қорытындысы әйел адамның «орта дәрежелі» мас болғанын көрсеткен. Көлік иесі, яғни күйеуі де масаң күйде болғаны анықталған. 

Тәртіп сақшылары ерлі-зайыптылардың екеуін де әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жаппай соқтығысу салдарынан зардап шеккендер жоқ, тек техникалық шығындар тіркелді.

«Көлік иесі өзі мас бола тұра, тізгінді жүргізуші куәлігі жоқ адамға сеніп тапсырған. Қазіргі уақытта тиісті хаттамалар толтырылып, шара қолданылды», — деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.