Қазақстанда туберкулезге шалдығу көрсеткіші 13% төмендеді

Елімізде ауру деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді

Қазақстанда туберкулезге шалдығу көрсеткіші 13% төмендеді
Фото: © istockphoto.com

Еліміз туберкулезді толық жоюға бағытталған жаһандық стратегияны жүзеге асыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары деңгейдегі диалогында Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесін бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің мәліметінше, соңғы үш жылда кешенді шаралардың арқасында елімізде ауру деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді.

  • Сырқаттану көрсеткіші — 13,3%;
  • Өлім-жітім — 25%;
  • Аурудың таралуы — 17,2% азайды.

Бүгінде елімізде емдеу тиімділігі халықаралық стандарттарға сай: қарапайым туберкулез бойынша — 90,5%, ал дәріге төзімді түрі бойынша — 85,3%.

Қазақстанның барлық өңірлік фтизиопульмонология орталықтары заманауи зертханалық әдістермен жабдықталған.

Молекулалық-генетикалық әдістер ауруды бірнеше сағат ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Профилактика бойынша, БЦЖ екпесімен қамту деңгейі жоғары сақталып, заманауи скрининг әдістері қолданылуда.

«Біздің мақсатымыз — туберкулезсіз әлемге бірге жету», — деп түйіндеді сөзін Ақмарал Әлназарова.