22.03.2026, 20:13
Жаңалықтар
Қазақстан мен Иран Президенттері бір-бірін құттықтады
Олар құттықтау жеделхаттарын жолдаған
Фото: Ақорда
Иран Ислам Республикасының президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Масуд Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына және бауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты.
«Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды