22.03.2026, 21:18
Жаңалықтар
Қазақстандық гимнаст қыз Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Ақмарал Ерекешева Aphrodite Cup турнирінде топ жарды
Фото: ҰОК
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Афинада (Грекия) өтіп жатқан Aphrodite Cup турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ерекешева жалпы есепте 109,700 ұпай жинады.
Екінші орынды Румыния спортшысы Андреа Вердес иеленді - 104,250 ұпай. Ал үздік үштікті Болгария өкілі Дара Стоянова түйіндеді - 103,450 ұпай.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды