Қатарынан төрт жеңіс: қазақстандық теннисші ITF турнирінің финалына өтті

Жас спортшы жеңіске бір қадам жақындады

Қатарынан төрт жеңіс: қазақстандық теннисші ITF турнирінің финалына өтті
Фото: ktf.kz

Қазақстандық Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан Халықаралық теннис федерациясы (ITF) ұйымдастырған турнирде чемпиондық атақ үшін таласады,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлемдік рейтингте 771-орында тұрған 18 жастағы спортшы ITF M15 жарысының негізгі кезеңіне іріктеу арқылы жолдама алды. Одан кейін Омарханов қатарынан төрт матчта жеңіске жетті.

Жартылай финалда қазақстандық Германия өкілі Лука Видеманнді 4:6, 7:5, 7:6 (тай-брейкте 8:6) есебімен ерік-жігер танытып жеңді.

Қазақстандық теннисші чемпиондық атақты әлемдік рейтингте 382-орында тұрған түркиялық Мерт Алкаямен сарапқа салады. Финал 22 наурызға жоспарланған.

Осы жарыстың жұптық сынында Омарханов франциялық Виктор Паганеттимен бірге өнер көрсетті. Олардың дуэті төртінші нөмірмен тіркеліп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда бұл кезеңде жеңіліс тапты.