19.03.2026, 15:57
Жаңалықтар
Қоянды ауылында ұзақ уақыт шешімін таппаған мәселе шешілді
Редакция материалынан соң электр бағаны бірден жөнделді
Фото: gov.kz
Бүгін таңертең Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қоянды елді мекенінде электр бағаны құлайын деп тұрғаны жайлы жазған едік. Осы бойынша редакция Ақмола облысының әкімдігіне сұрау жолдаған болатын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ауыл адамдарының айтуынша, түбінен морт сынып, қисайып тұрған баған туралы халық жергілікті әкімдікке бір емес, бірнеше рет айтқан.
Әкімдік бұл мәселе дәл бүгін шешіліп, электр бағаны ауыстырылып жатқанын хабарлады.
«Ақмола электржелі үлестіру компаниясынан электр желісін ажыратуға рұқсатты күткен. Қазіргі таңда мамандар ескі тіректі жаңасына ауыстыру жұмыстарын бастап кетті», - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды