19.03.2026, 15:33
Жаңалықтар
Үржар тұрғыны 600 мың теңгеге диплом сатып аламын дымсыз қалды
Абай облысында жалған медициналық диплом уәде еткен алаяқ ұсталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Абай облысында Үржар ауылының 24 жастағы тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болып, полицияға жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2025 жылдың ақпан айында болған. Тергеу мәліметінше, 44 жастағы әйел медицина саласында диплом рәсімдеп беремін деген желеумен жәбірленушінің ақшасын алған. Диплом алуды көздеген азамат күдіктіге 600 000 теңге берген, алайда уәде етілген қызмет көрсетілмеген.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті полиция бөліміне жеткізілді.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Әйелге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу міндеттемесі қолданылды.
Көп оқылған
02.08.2026, 18:00
Оралдағы жол апаты: 4 қызын жалғыз өсіріп отырған әке қаза тапты
02.08.2026, 06:37
АҚШ Иранға салмағы бір тоннаға жуық авиабомба тастады
02.08.2026, 07:19
Жаңбыр, найзағай: 2 тамызға арналған ауа райы болжамы
02.08.2026, 16:15
3 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
02.08.2026, 15:35
Ақталмақ болған Шалқардың бұрынғы әкімі алаяққа 4 миллион теңге берген
02.08.2026, 11:08
Алматыда ондаған түйіншек есірткісі бар күдікті ұсталды (ВИДЕО)