$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2020, 11:41
Жаңалықтар

COVID-19 екінші рет жұғуы мүмкін бе?

Ғалымдар коронавируспен ауырып шыққандардың табиғи иммунитеті ағзаны қанша уақытқа қорғай алатынын нақты білмейді

COVID-19 екінші рет жұғуы мүмкін бе?
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустан жазылған адамдардың қайтадан COVID-19 жұқтырғаны немесе кейбірінде симптомдардың қайта пайда бола бастағаны туралы хабарламалар тарап жатыр. Бұл COVID-19-дың қайта жұғуына қатысты алаңдаушылық туғызып отыр, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

«Ғалымдардың көпшілігі CОVID-19 вирусымен ауырып шыққан адамдардың вирусқа қарсы иммунитеті болатынын айтты. Дегенмен, олар бұл қорғаныстың қанша уақытқа созылатынын білмейді – бірнеше айға ма, бірнеше жылға немесе өмір бойына ма?», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, иммунитеттің ұзақ уақытқа сақталуы вирусқа байланысты болады.

«Мысалы, тұмау сияқты вирус өте жылдам мутацияға ұшырайды. Сондықтан қайта жұққан кезде оны антиденелер анықтай алмай қалады. Ал жаңа коронавирус тұмауға қарағанда баяу өзгереді. Бұл зерттеушілерді табиғи иммунитет немесе вакцина ұзағырақ қорғауға мүмкіндік береді деп үміттендіріп отыр. Ғалымдардың айтуынша, коронавирус екінші рет жұққан күннің өзінде, ол адамда жеңіл формада өтеді», - деп жазады автор.

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мамандарының айтуынша, адамда коронавирус жұққаннан кейін 1-3 апта ішінде пайда болады. Қытайда 34 адам қатысқан зерттеу барысында жасы 80-нен асқан екі адамда антидене 3 күннен кейін пайда болыпты.

«Осы айда Қытай ғалымдары 6 маймылға вирус жұқтырып, оларды емдеп алды. Содан кейін олардың төртеуіне 28 күннен кейін қайтадан коронавирус жұқтырып көрді. Зерттеу кезінде олардың ешқайсы қайтадан COVID-19 жұқтырмаған. Бұл олардың иммунды жүйесінің ағзаны инфекциядан екінші рет қорғап қалғанын көрсетеді», - дейді автор.

Ал Оңтүстік Кореяда екінші рет вирус жұқтырған 450 адам тіркелген. 

Серіктес жаңалықтары