14.07.2020, 12:31
Жаңалықтар
Соңғы бес күнде коронавирус жұқтырған 1 млн адам тіркелді – ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қақты
Фото: ашық дереккөзден
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 13 миллионға жетті. Небәрі, бес күн ішінде COVID-19 жұқтырған 1 млн адам тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Коронавирус пандемиясы кезінде жарты миллионнан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус әлемнің енді бұрынғыдай болмайтынын айтты.
«Ашығын айтуға рұқсат етіңіздер. Көптеген мемлекет дұрыс емес бағытта жүр. Вирус әлі де қоғамның бірінші жауы», - деді ол Женевада өткен брифингте.
Айта кету керек, АҚШ-та 3,3 миллион адам коронавирус жұқтырған. Бразилияда 1,86 миллион адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Көп оқылған
26.08.2026, 13:29
«Жүре алмайтыныма қарамастан ауруханадан шығарып жіберді»: Ұлдана Мырзуан көмекке ұмтылған әйел өз шындығын айтты
26.08.2026, 14:48
«Жүрегімде мұң, көзімде мұң»»: Тоқаев Тамыз конференциясында өткір мәлімдеме жасады
26.08.2026, 17:24
«Өлтіре ме деп қорқамын»: Алматыда бойжеткен экс-сүйіктісінен көрген азабын айтып, жанұшыра көмек сұрады
26.08.2026, 16:59
Пәкістанда аурухана өртеніп, 14 сәби тірідей жанып кетті