$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады

Бақылаушы Сьезбек Кәріповтің айтуынша, тұрғындар дауыс беруге ұлттық киіммен келіп жатыр 

Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
Фото: Azattyq ruhy

Маңғыстау облысында Жаңа Конституция бойынша референдум ерекше атмосферада өтіп жатыр. Саяси шара өңірдегі дәстүрлі Көрісу күнімен сәйкес келгендіктен, референдум учаскелерінде мерекелік рух сезіледі. «AMANAT» партиясының атынан бақылаушы болып отырған Сьезбек Кәріповтің айтуынша, тұрғындар дауыс беруге ұлттық киіммен келіп, бір-біріне ізет білдіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен 15-шағын ауданда №35 учаскесінде бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Дауыс берушілердің көңіл-күйі өте жақсы. Көпшілік қазақтың дәстүрін ұстанып, шапандарын киіп келіп, бір-бірімен көрісіп, қол алысып, ілтипаттарын білдіріп жатыр», - деді Сьезбек Кәріпов.

Бақылаушының айтуынша учаскедегі жұмыс бірқалыпты жүріп жатыр. Сондай-ақ учаске маңында мерекелік көңіл-күй қалыптасқан.

«Далада музыка ойнап тұр, халықтың көңілі көтеріңкі», - деді ол.