15.03.2026, 10:28
Жаңалықтар
Астананың 18 жастағы тұрғыны алғаш рет дауыс берді
Жас сайлаушының айтуынша, жастардың белсенділігі қоғамның дамуына оң әсер етеді
Фото: Астана әкімдігі
Астана қаласының 18 жастағы тұрғыны Әсемай Риантқызы №380 референдум учаскесінде алғаш рет дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің айтуынша, жас сайлаушы үшін бұл күн ерекше әрі жауапты сәт болды. Ол ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға алғаш рет қатысып отырғанын айтып, өз үлесін қосқанына қуанышты екенін жеткізді.
«Бұл – менің алғаш рет дауыс беруім. Еліміздің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымды жасау маңызды деп ойлаймын. Әр азамат өз пікірін білдіріп, ел дамуына үлес қосуы керек», – деді Әсемай.
Жас сайлаушының айтуынша, жастардың белсенділігі қоғамның дамуына оң әсер етеді.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды