$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.07.2020, 13:19
Жаңалықтар

Біз қайғыларыңызға ортақпыз – Қазақстандағы АҚШ елшісі

Уильям Мозер коронавирус кесірінен жақындарынан айырылған азаматтарға көңіл айтты

Біз қайғыларыңызға ортақпыз – Қазақстандағы АҚШ елшісі
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы АҚШ елшілігі коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алу үшін туын төмен түсірді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Құрметті Қазақстан халқы! Бүгін – Ұлттық аза тұту күні. Коронавирус пандемиясы кесірінен жақындарын, туғандарын жоғалтқан азаматтарға көңіл айтамын. COVID-19 бәрімізге әсер етті. Вирус АҚШ-та да көптеген адамның өмірін алды. Қазір әрқайсымыз бұл аурудан зардап шеккендерді білеміз. Мен күн сайын өз өмірін қауіпке тігіп жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын. Біздің бұл вирусты жеңетінімізге сенемін. Сіздерге және отбасыларыңызға күш-қуат, денсаулық тілеймін. Мезгілсіз қайтыс болғандар есімі жадымызда мәңгі сақталсын. Біз қайғыларыңызға ортақпыз», - деді Уильям Мозер.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдедегі телеүндеуінде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланатынын хабарлаған еді. Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Серіктес жаңалықтары