13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланады

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты

13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланады
Фото: ашық дереккөзден

13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланады. Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Әр қазақ менің жалғызым» дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», - деді Президент. 

Ол уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесетке сеніп, еңсені түсіруге болмайтынын айтты. 

«Салмақты, сабырлы болайық. Біздің жұмысымыз айқын. Қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады. Бүкіл күш-жігерімізді жинап, күресе беруіміз керек», - деді Тоқаев. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.