$ 498.09  577.34  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда бесінші қабаттағы пәтер өртеніп, 20 адам апат баспалдақпен құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері 27 литрлік газ баллонын алып шықты

Қарағандыда бесінші қабаттағы пәтер өртеніп, 20 адам апат баспалдақпен құтқарылды
Фото: istockphoto.com

Қарағандыда бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер өртеніп, 20 адам апат орнынан құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 3 наурыз түнде 112 пультіне Әлихан Бөкейхан ауданындағы Мамыраев шағын ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінің бесінші қабатында орын алды.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар түтінді подъезден тұрғындарды эвакуациялауға және өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру барысында матрас пен тұрмыстық заттардың жанғаны анықталды.

«ТЖМ құтқарушылары баспалдақ арқылы 20 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Оларға жедел түрде жылыту пункті ұйымдастырылды. Сондай-ақ, пәтерден 27 литрлік газ баллоны шығарылып, қауіпсіз жерге орналастырылды, бұл ықтимал жарылыстың алдын алды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында 3 шаршы метр аумақтағы өрт толықтай сөндіріліп, жалынның таралуына жол берілген жоқ», – делінген хабарламада.