$ 498.09  577.34  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда әйел адам екі баласымен бірге пештің түтініне уланып қалды

Әйел адам ауруханаға жатқызылды, ал балалар үйіне жіберілді

Көкшетауда әйел адам екі баласымен бірге пештің түтініне уланып қалды
Фото: istockphoto.com

Көкшетау қаласында әйел адам мен оның екі баласы көмірқышқыл газынан уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кезінде жеке тұрғын үйде 1993 жылы туған әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласы болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, улануға пеш жүйесінің ақауы себеп болған. Сонымен қатар әйел түнге қарай пештің жапқышын жауып қойған, соның салдарынан үй ішінде көмірқышқыл газы жиналған. Үшеуі де облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Тексеруден кейін балалар үйіне жіберілді, ал әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты.

Төтенше жағдайлар департаменті пешпен жылыту кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.