$ 502.6  589.95  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында ер адам ата-анасы мен туыстарын бөлшектеп тастады

Психикалық ауытқуы бар күдікті ата-анасы мен туысын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Ақмола облысында ер адам ата-анасы мен туыстарын бөлшектеп тастады
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында бір отбасының 4 мүшесі қаза тапқан ауыр қылмыс тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Астанадан шамамен 25 шақырым жердегі Жібек Жолы ауылында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, 1983 жылы туған ер адам өз ата-анасын, анасының мүгедек бауырын және демалыс күндері ғана үйге келіп жүрген 18 жастағы немерені өлтіріп, кейін мәйіттерін бөлшектеген деген күдікке ілінді.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қаза тапқандар зейнет жасындағы ата-ана болған. Үйде сондай-ақ анасының мүгедек бауыры тұрған. Ал 18 жастағы бойжеткен бұл шаңырақта тұрақты тұрмаған, тек демалыс күндері келіп жүрген.

Көршілер күдіктінің бұған дейін психиатриялық ауруханада емделгенін айтады. Шамамен 2 жыл бұрын медициналық мекемеден шығарылған. Туыстарының сөзінше, ол бала кезінен «ақыл-ой кемістігі» диагнозымен есепте тұрған. Үшінші сыныпта оқып жүргенінде психикалық дамуына байланысты медициналық бақылауға алынғаны айтылды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Үй аумағы қоршауға алынған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.