28.02.2026, 13:53
Жаңалықтар
Атырауда көпқабатты үйден өрт шығып, 36 адам эвакуацияланды
Құтқарушылар жеті адамды аман алып қалды
Фото: © istockphoto.com
2026 жылғы 28 ақпанда Атырау қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тілсіз жаумен күресіп, жеті адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның мән-жайы
Өрт Атыраудың «Алмагүл» мөлтек ауданында болған. Тоғыз қабатты үйдің екінші қабатындағы кіреберісте электр сымдары қысқа тұйықталып, салдарынан екінші және үшінші қабаттардағы электр қалқандары өртенген.
ТЖМ күштері шұғыл әрекет етіп, баспалдақ маршы арқылы 7 адамды құтқарып қалды. Оның ішінде бес бала бар.
Сонымен қатар:
- Барлығы 36 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды;
- Эвакуацияланғандардың арасында 10 бала бар.
Құтқарушылардың жедел жұмысының арқасында өрт аз уақыт ішінде сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды
27.08.2026, 12:54
Қостанай облысында 16 жұмысшы қаза тапты: олардың өлімі неге есепке алынбай қалған
28.08.2026, 00:29
МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгенің негізсіз төлемі төленбей тұрып анықталды