$ 501.75  591.96  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

27 ақпанда 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше облыста қар, тұман, көктайғақ және екпінді жел болады

27 ақпанда 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: freepik.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде 27 ақпанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет»  ақпарынша, елдің шығысы мен оңтүстігінде қар мен бұрқасын күшейсе, солтүстікте 41 градусқа дейін аяз күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігі, шығысы және таулы аудандарында кей уақытта қатты қар жауып, көктайғақ болады. Талдықорғанда тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл облысының таулы өңірлерінде қатты қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында 15-20 м/с, түнде 25 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда да тұман мен көктайғақ болжанып отыр.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде ауа температурасы -41°С-қа дейін төмендейді.

Абай облысының оңтүстігінде тұман, ал шығысы мен оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында шығыс және оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың батысы, солтүстігі және орталығында 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігі мен орталығында 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында -35°С қатты аяз болжанады. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында кей уақытта қатты қар жауады. Күндіз оңтүстігінде жауын-шашын (негізінен қар) күшейеді. Облыстың бірқатар бөлігінде тұман мен көктайғақ сақталады. Жел екпіні 15-20 м/с. Алматы мен Қонаевта да тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысында көктайғақ болады, орталығы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде орталығы мен шығысында тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда қаласында да осындай метеожағдай сақталады.

Түркістан облысында жауын-шашын күтіледі. Батысы мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауады. Бірқатар өңірлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жауын-шашын мен тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында аздаған қар мен жаяу бұрқасын болады. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде де тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктер жолда абай болуға, алыс сапарға шыққанда ауа райы болжамын ескеруге кеңес береді.