$ 496.85  585.54  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да полицейлер ауылдарды аралап жүріп, жүргізуші куәлігінен айырылған ер адамды мас күйінде ұстап алды

Ол осыған дейін жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылған болып шықты

ШҚО-да полицейлер ауылдарды аралап жүріп, жүргізуші куәлігінен айырылған ер адамды мас күйінде ұстап алды
Фото: ШҚО ПД/Видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылындағы көшелердің бірінде полиция қызметкерлері ауылдарды аралап жүріп, жүргізуші куәлігінен айырылған ер адамды мас күйінде ұстап алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәртіп сақшылары патрульдеу барысында 28 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВАЗ-2107» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде медициналық куәландыру нәтижелері жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын көрсеткен.

Бұдан бөлек, бұл азаматтың бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны белгілі болған.

Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полицейлер жүргізушілерге масаң күйде көлік басқаруға жол берілмейтінін ескертеді және өзіңіз бен айналаңыздағыларға қауіп төндірмеу үшін жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды», – делінген облыстық ПД хабарламасында.