$ 496.85  585.54  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбыр жауып, көктайғақ болады: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Жаңбыр жауып, көктайғақ болады: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, кең ауқымды аязды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

«Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын мол болуы мүмкін, негізінен жаңбыр түрінде. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары байқалады.

Кезеңнің соңында оңтүстік облыстарда ауа температурасы түнде 10-17 градус аязға дейін төмендейді, Түркістан облысында 2-10 градус аяз болады. Күндіз 2-12 градус аяз, ал Түркістан облысында 2-7 градус жылы күтіледі», – делінген синоптиктердің болжамында.

Республика бойынша тұман күтіледі.