24.02.2026, 15:39
Жаңалықтар
Алматы тауларына құбыр бойымен шығып бара жатқан қыз бала күтпеген жағдайға ұшырады (ВИДЕО)
Алматы тауларында құтқарушылар зардап шеккен туристке көмек көрсетті
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин
Үлкен Алматы көлдеріне қарай құбыр бойымен көтеріліп бара жатқан екі қыздың бірі, жол барысында аяғын жарақаттап, өздігінен жүре алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары мен ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы шықты. Мамандар зардап шегушіге жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, таудан төмен түсірді.
Тау баурайында оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасы күтіп алып, Алматы қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді.
«ТЖМ тауға шығар алдында бағытты жоспарлап, ауа райын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауды еске салады», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)