$ 496.85  585.54  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ол осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұл лауазымға Мәлік Әбдіқадыров тағайындалды.

Мәлік Әбдіқадыров «Қайнар» университетінде құқықтану мамандығы бойынша, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мұнай-газ ісі бойынша білім алған. Ұлыбританиядағы Абердин университетінде Құқық магистрі дәрежесін иеленген.

Ұзақ жылдар бойы облыстық прокуратурада қызмет етті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқармаларында басшылық қызметтерді атқарды, «Западная курна»-2 «Лукойл-Оверсиз» жобасы Ирак мемлекеті Басра қаласында, ҚР Табиғи монополияларды реттеу, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаментін басқарды.

2020-2024 жылдары – Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

Осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.