Бүгін Астанада 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елордада бірінші ауысым сабақтары онлайн форматта өтеді
Бүгін, 24 ақпанда Астанада ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 24 ақпанда күннің суытуына байланысты мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған шешім қабылданған. Осылайша, бірінші ауысымда білім алатын 0–9 сынып оқушылары сабақтарын онлайн форматта жалғастырады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 24–26 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт суытады. «Қазгидромет» дерегінше, бірқатар өңірде аяз күшейіп, жел екпіні артуы мүмкін.
Осыған байланысты ата-аналар мен оқушыларға ауа райы болжамын қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.