$ 497.33  586.7  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Арктикалық антициклон елді қыспаққа алады: аяз 40 градусқа дейін күшейеді

Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қатты суық сақталатынын ескертті

Арктикалық антициклон елді қыспаққа алады: аяз 40 градусқа дейін күшейеді
Фото: istockphoto.com

Ел аумағының көп бөлігінде алдағы 3 күнде ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, елге солтүстік-батыстан келген суық антициклон ықпал етеді. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Нәтижесінде арктикалық суық болады деп болжанады. 

Батыстағы өңірлерде түнгі уақытта 15–25 градус аяз сақталады. Солтүстік және орталық бөлігінде сынап бағанасы 28–37 градусқа дейін төмендейді. Ал шығыс аймақтарда 32–40 градус аяз күтіледі.

Тек оңтүстік облыстарда жауын-шашын болуы мүмкін. Кей жерлерде жаңбыр жауады. Сонымен қатар желдің күшеюі, көктайғақ пен тұманның түсуі ықтимал. Бұл өңірлерде түнгі ауа температурасы 0–10 градус аяз шамасында болады.

Синоптиктер ауа райының күрт суытуына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырады.