$ 497.33  586.7  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған азамат ұсталды

Әлеуметтік желіде ағзасын сатуға бірнеше рет хабарландыру жариялағаны анықталды

Көкшетауда бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған азамат ұсталды
Фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысында бүйректі 25 мың АҚШ долларына заңсыз сатпақ болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде өз ағзасын сатуға ниет білдірген хабарландыру жариялаған Алматы облысының тұрғынын әшкерелеген.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті Көкшетау қаласында қолма-қол ақша алып жатқан сәтінде ұсталған. Тергеу материалдарына сәйкес, ол бұған дейін де осындай мазмұндағы хабарландыруларды бірнеше рет жариялаған.

Ұстау кезінде тәртіп сақшылары қолма-қол ақша, ұялы телефон, сондай-ақ медициналық анықтамалар мен зертханалық талдау құжаттарын тәркілеген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін өз ағзасын 13 млн теңгеге сатпақ болған тұрғынға қатысты сот шешімі шыққан еді.