23.02.2026, 15:30
Жаңалықтар
Непалда ірі жол апатынан 19 адам қаза тапты
Автобус өзенге құлаған
Фото: freepik.com
Непалдың орталық бөлігіндегі Дхадинг округінде Покхарадан Катмандуға бағыт алған жолаушылар автобусы тас жолдан шығып кетіп, Тришули өзеніне құлаған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Салдарынан 19 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады.
Қаза тапқандардың арасында бір Қытай азаматы бар. Тағы бір Қытай азаматы жарақат алып, қазіргі уақытта жергілікті ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл ақпаратты Қытайдың Непалдағы елшілігі растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста 45 адам болған.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)