$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алдағы күндері 40 градус аяз болады: синоптиктердің болжамы жарияланды

Ел аумағының басым бөлігіне суық антициклон әсер етеді

Қазақстанда алдағы күндері 40 градус аяз болады: синоптиктердің болжамы жарияланды
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келген суық антициклон әсер етеді. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы төмендейді.

Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады.

«Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 15-25 градус аяз болады. Солтүстік және орталық өңірлерде 28-37 градусқа дейін төмендейді, шығыста 32-40 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы 0-10 градус аяз шамасында болады», – делінген болжамда.