$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Air Astana-ның басшысымен АҚШ-қа тікелей ұшатын ұшақтар сатып алу мәселесін талқылады

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері де талқыланды

Тоқаев Air Astana-ның басшысымен АҚШ-қа тікелей ұшатын ұшақтар сатып алу мәселесін талқылады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

Айта кетейік, биыл жыл соңына дейін АҚШ-қа тікелей рейс ашылатыны осыған дейін хабарланған болатын.