$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Голубева Олимпиадада топ жаруға бір табан жақын: Қазақстан қоржынында – 7-орын

Миландағы 1500 метрлік бәсекеде қазақстандық спортшы үздік жетілікке енді

Голубева Олимпиадада топ жаруға бір табан жақын: Қазақстан қоржынында – 7-орын
Фото: Olympic.kz

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы 1500 метр қашықтықта жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл бағдарламада Қазақстан құрамасы сапында Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко бақ сынады. Қарсыластарының дені әлемдік рейтингтің алдыңғы қатарындағы тәжірибелі спортшылар болды.

Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Елизавета Голубева көрсетті. Ол 1:54.86 уақытпен мәреге жетіп, 7-орынға тұрақтады. Олимпиада секілді төртжылдықтың басты додасында үздік жетілікке ену – отандық конькимен жүгіру спорты үшін маңызды көрсеткіш.

Надежда Морозова да 1:54.86 нәтижесін тіркеп, жарысты 12-орында аяқтады. Ал Арина Ильященко 1:58.43 уақыт көрсеткішімен 24-сатыға жайғасты.

Алтын жүлдені Нидерланд өкілі Антуанетта Рийпма-де Йонг иеленді – 1:54.09. Күміс медаль норвегиялық Рагне Виклундке (1:54.15) бұйырса, қола канадалық Валери Мальтеге (1:54.40) еншіленді.

1500 метрлік бәсекедегі уақыт айырмашылығының өте аз болуы жарыстың жоғары деңгейде өткенін көрсетті. Қазақстан спортшыларының нәтижесі алдағы старттарда жүлдеге таласуға әлеует бар екенін аңғартты.