Еліміздің бірнеше өңірінде жол жабылды
Ауа райына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Қай өңірлерде жолдар жабық?
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі учаскелерде көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды:
Абай облысы: «Семей — Қалбатау» учаскесі (756-906 км).
Ақтөбе облысы: «Ақтөбе — Қарабұтақ» және «Қарабұтақ — Қызылорда обл. шекарасы» бағыттары.
Қызылорда облысы: «Қызылорда — Ұлытау обл. шекарасы» және «Ақтөбе обл. шекарасы — Арал» учаскелері.
Ақмола облысы: «Жақсы — Бұзылық», «Бұзылық — Сұрған», «Атбасар — Жақсы» бағыттарында қозғалыс шектелген.
Қостанай облысы: «Октябрьское — Ақмола обл. шекарасы» (218-232 км).
Павлодар облысы: Қалқаман айрығындағы көпірдің зақымдалуына байланысты Астана бағытына шығуға болмайды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуындағы күрделі тау жағдайына байланысты тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу өз күшінде тұр.
Қай жолдар ашылды?
Қазіргі уақытта мамандар тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қостанай облысында «Қостанай — Қарабалық» және «Тобыл — Сарыкөл — Ұзынкөл» бағыттарындағы жол ашылды. Ақтөбе облысында «Маржанбұлақ — БҚО шекарасы» учаскесі ашық.
«Өскемен — Алтай» (Ушановское ауылына дейін) және «Қалбатау — Көкпекті — Зайсан» бағыттары бойынша барлық көлік түрлері үшін жол ашық.
«Жезқазған — Қызылорда облысы шекарасы» және «Сәтбаев — Ұлытау» ауылы арасындағы жолдар қалыпты жұмыс істеп тұр. Қызылорда облысында «Арал — Қызылорда» аралығындағы тас жол ашылды.