$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мұз айдынындағы манифест: «Барыс» матчында Конституциялық реформаларға қолдау білдірілді

Астанадағы ойын барысында жанкүйерлер трибунада 12×24 метрлік Мемлекеттік туды жайып, «Жаңа Конституция үшін» акциясын өткізді

Мұз айдынындағы манифест: «Барыс» матчында Конституциялық реформаларға қолдау білдірілді
Фото: gov.kz

Астанада өткен «Барыс» хоккей клубының матчы кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған қоғамдық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шараға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері қатысып, спорттық шараны елдегі саяси жаңғыру үдерісімен ұштастырды.

Матч аясында трибуналарда көлемі 12×24 метр болатын Мемлекеттік ту жайылды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл бастама бірлік пен патриотизмді дәріптеуге, сондай-ақ ұлттық спортқа қолдау көрсетуге бағытталған.

Сонымен қатар қатысушылар конституциялық реформаларды қолдауға арналған арнайы перформанс ұйымдастырды. Азаматтық ынтымақтастық пен жаңару бағытына адалдықтың белгісі ретінде трибунада «Жаңа Конституция үшін» деген жазуы бар ту ашылды.

Ұйымдастырушылардың бағалауынша, акция қоғамдық диалогтың маңызын, стратегиялық өзгерістер төңірегінде азаматтардың топтасуын және жауапкершілік пен бірлік құндылықтарының өзектілігін айқындады.

Матч барысында жанкүйерлер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бір алаңда тоғысып, өзара қолдау мен ынтымақты, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетті. Спорттық бәсеке алаңы бұл жолы азаматтық ұстаным білдірілген кеңістікке айналды.