Астаналық зейнеткерлер олимпиадашыларды қолдайтын акция өткізді
Олимпиада алауы символикалық түрде жағылды
Сарыарқа ауданының спорт нұсқаушылары спорттың скандинавиялық серуен түрінен «Қар ұшқыны» атты ашық сабақ өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл шараның мақсаты - зейнеткерлердің менталдық денсаулық деңгейін арттыру және XXV Қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы отандық спортшыларды қолдау еді.
Іс-шара барысында споршы зейнеткерлер Олимпиада ойындарына қолдау білдіріп, алтын медаль иегері Михаил Шайдоровты құттықтады. Ынтымақтастықтың белгісі ретінде Олимпиада алауы символикалық түрде жағылды.
Қатысушылар қар үстіне қар ұшқынының бейнесін салып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар, таза ауада ән айтып, бос уақыттарын салауатты өткізді.
Ашық сабаққа жиналған зейнеткерлер ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.