$ 489.17  576.63  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ер адам экс-әйелінің қыр-соңынан қалмай, мазасын алғаны үшін соттан бір-ақ шықты

Оған қатысты сот үкімі жарияланды

Алматыда ер адам экс-әйелінің қыр-соңынан қалмай, мазасын алғаны үшін соттан бір-ақ шықты
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Алматы қаласында сот сталкинг бойынша айыпталған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, азамат бір ай бойы бұрынғы бірге тұрған әйелін жүйелі түрде қудалап, мазасын алған: оны аңдыған, қорқыту сипатындағы хабарламалар жолдаған, байланыс орнатуға мәжбүрлеп, жеке қауіпсіздігіне қатер төндірген. Жәбірленуші Түрксіб аудандық Полиция басқармасына жүгініп, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сот ер адамның әрекеттерін заңға қайшы деп танып, оған 100 сағат міндетті қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады.

Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев сталкинг үшін қылмыстық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.

«Сталкинг – ұсақ құқық бұзушылық емес, адамның өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін қылмыстық жазаланатын әрекет. Азаматтарды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырамыз. Полицияға дер кезінде жүгіну құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесуге және өз қауіпсіздігіңізді қорғауға мүмкіндік береді. Жәбірленушілердің уақтылы өтініші мен полицияның тиімді жұмысы қауіп-қатерді азайтып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға жағдай жасайды», – деп атап өтті ол.