Қызылордада медбикеге қол көтерген әйел бас бостандығынан айрылды
Амбулаторияда болған жанжал сот үкімімен аяқталды
Қызылорда қаласының №2 соты медицина қызметкеріне қол көтерген жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалдарына сәйкес, оқиға қаладағы амбулаториялардың бірінде болған. Айыпталушы дәрігер қабылдауына кезексіз кірген. Бұл әрекетке жәбірленуші медбике ескерту жасаған. Алайда қарапайым түсіндіруден басталған сөз таласы жанжалға ұласқан.
Сотта анықталғандай, дау барысында әйел медбикенің жағасынан ұстап, қолымен соққы жасаған. Салдарынан медицина қызметкерінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Оқиға орнында болған амбулатория қызметкерлері мен куәгерлер жағдайға наразылық білдірген.
Сот шешімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің 108-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Бұл іс медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық мәселесінің өзектілігін тағы бір мәрте көрсетті. Қоғамдық орында болған жанжал заң аясында қаралып, құқықтық бағасын алды.