17.02.2026, 17:27
Жаңалықтар
Қазақстанда доллардың құны 490 теңгеден де арзандады
Теңге күн санап нығайып келеді
Фото: freepik.com
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 489,99 теңгені құрап, 1,91 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Ұлттық банкінің 17 ақпандағы ресми доллар бағамы – 491,97 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 491,43 теңге, сату бағамы – 493,75 теңге. Астанада долларды орта есеппен 488 теңгеден сатып алып, 495 теңгеден сатуда. Шымкент қаласында долларды орташа есеппен 491,52 теңгеден сатып алып, 492,75 теңгеден сатуда.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)