$ 489.99  580.25  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада шұлығына есірткі жасырып алған ер адам қолға түсті

Есірткі шұлыққа жасырылған күйінде елорда тұрғынынан тәркіленді

Астанада шұлығына есірткі жасырып алған ер адам қолға түсті
Фото: istockphoto.com

Астанада шұлығына есірткі жасырып алған тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елордада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамды ұстады.

Жеке тінту кезінде күдіктінің өзінен ерекше иісі бар, синтетикалық есірткі заты — мефедрон екені анықталған бірнеше орама табылды. Сондай-ақ ол шұлықтың ішіне жасырып үлгерген тағы бір орама анықталды. Тәркіленген заттар алынып, ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласының Полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымы, оның ішінде сақтау мен сату қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Құқық қорғау органдары есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып, азаматтарды заңсыз айналым фактілері туралы бейжай қалмай хабарлауға шақырады.