$ 491.97  583.77  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көктайғақ қысқан өңір: Ақмолада жол қозғалысына шектеу қойылды

Жаңбыр мен мұздақ Көкшетау–Астана тасжолында жылдамдықты 80 км/сағ-қа дейін түсірді

Көктайғақ қысқан өңір: Ақмолада жол қозғалысына шектеу қойылды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар жол учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, өңір аумағында көктайғақ қалыптасып, жол қозғалысы күрделене түскен. Мұз жамылған жолдар көлік тізгіндегендер үшін қауіп-қатерді арттырып, жол-көлік оқиғаларының тәуекелін күшейтіп отыр.

Осыған байланысты Көкшетау–Астана автожолында жылдамдық режимі 80 км/сағ-қа дейін төмендетілді. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты жеңіл және жүк көліктері үшін қозғалысқа уақытша шектеулер қарастырылған.

Патрульдік полиция батальоны командирі Ерлан Дарбаевтың мәліметінше, қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын және көктайғақ салдарынан жүргізушілерге сақтық шараларын барынша күшейту ұсынылған. Құқық қорғау органдары тұрғындарды шұғыл қажеттілік болмаса, алыс сапарға шықпауға шақырады.

Полицейлер белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, қауіпсіз арақашықтықты ұстануды және күрделі маневрлерден бас тартуды ескертті. Қолайсыз метеожағдай кезінде жол үстіндегі әрбір қателік ауыр салдарға әкелуі мүмкін.