$ 491.97  583.77  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өрт қауіпсіздігі ескерусіз қалған: Алматы әуежайына 2,1 млн теңге айыппұл салынды

Сот Т-2 терминалындағы заңбұзушылықтар дерегін растады

Өрт қауіпсіздігі ескерусіз қалған: Алматы әуежайына 2,1 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Facebook / Almaty international airport

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-ны өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот материалдарына сәйкес, әуе айлағы 2025 жылғы 11 қарашада Түрксіб аудандық төтенше жағдайлар басқармасы берген нұсқаманы орындамаған. Тексеру барысында бірқатар өрескел кемшілік анықталған.

Атап айтқанда, контейнерлер ғимараттардан 18 метрден аз қашықтықта орналастырылған. Сонымен қатар Т-2 терминалының ішкі жоспарлануы өзгертіліп, бұл автоматты өрт дабылы мен өрт сөндіру жүйелерінің әрекет ету аймағын шектеген.

Қадағалау органы белгілеген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған. Осыған байланысты сот әуежайды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 500 АЕК көлемінде айыппұл салды. Айыппұл сомасы 2 162 500 теңгені құрайды.

Әуежай қызметін уақытша тоқтату шарасы қолданылған жоқ. Сот бұл шешімді нысанның стратегиялық маңызын және ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып қабылдаған.

Қаулы заңды күшіне енді.