$ 491.97  583.77  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ассамблея жастары» РҚБ «Біз – жаңа халықтық Конституция үшін!» атты республикалық форум өткізді

Шығыс Қазақстан облысындағы «Көшбасшылар мектебі» жобасының қатысушылары жаңа Конституция жобасын талқылады

«Ассамблея жастары» РҚБ «Біз – жаңа халықтық Конституция үшін!» атты республикалық форум өткізді
Фото: «Ассамблея жастары» РҚБ

16 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының алаңында «Біз – жаңа халықтық Конституция үшін» атты республикалық жастар форумы өтті, сондай-ақ «Көшбасшылар мектебі» жастар жобасының басталғаны жарияланды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шараға қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдіріп, бұл құжаттың қазіргі және болашақ ұрпақтың тұрақты дамуына негіз қалайтынын атап өтті. Талқылау барысында «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен студенттер ассамблеяларының жастары сөз сөйледі.

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде тұжырымдамалық өзгерістер мемлекеттің ең алдымен адамның мүддесін қорғау қағидаттарына негізделгенін, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге, сондай-ақ саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі Негізгі заңға енгізілген өзгерістер жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға бағытталғанына назар аударды.

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев жаңа Конституцияның жобасы қоғамның түпкілікті мүдделерінің көрінісі екенін, ал жастардың бұл құжатты қолдауы өте маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, ол Қазақстанның Халық кеңесі – жоғары консультативтік органның құрылуы жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынына тоқталды.

Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков сөз сөйледі. Ол жаңа Конституцияның жобасы цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау туралы норманың алғашқы рет енгізіліп отырғанын атап өтті. Өмірі мен жұмысы интернетпен тығыз байланысты жас ұрпақ үшін бұл сенімді құқықтық қалқан жасайды, ал дербес деректерді, желідегі цифрлық активтерді қорғау конституциялық нормаға айналады.

Форум барысында облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Равиль Юнусов, Студенттік Ассамблеялардың жетекшісі Александр Урмашов, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Алина Калишева, Риддер қаласындағы «Ассамблея жастары» өкілдігінің жетекшісі Эдуард Рынк сөз сөйледі.

Форумға қатысушылар жаңа Конституция жобасында көрсетілген шығармашылық мүмкіндіктерді кеңейту, авторлық құқық пен цифрлық қауіпсіздікті қорғау, құқықтық қорғалу және әділеттілік кепілдіктері, экологиялық жауапкершілік мәселелері туралы да пікір алмасты.