$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Асхат Аймағамбетов: Преамбулада алғаш рет ғылым-білім, инновация туралы айтылған

Астанада «Референдум-2026» онлайн марафоны өтіп жатыр

Асхат Аймағамбетов: Преамбулада алғаш рет ғылым-білім, инновация туралы айтылған
Фото: «Референдум-2026» онлайн-марафоны

Астанада «Референдум-2026» онлайн-марафоны басталды. Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаңда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Конституцияның ғылым мен білімге басымдық беретін нормалары қарапайым азаматтардың өміріне қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бірінші кезекте қазіргі Конституциядағы азаматтардың мектепте ақысыз білім алу, конкурстық негізде ақысыз жоғары білім алу құқықтары жаңа Конституцияда да сақталады. Мемлекеттің бұл тұрғыдағы міндеттемелері қысқармайды. Преамбулада алғаш рет ғылым-білім, инновация туралы айтылған. Мемлекет дамуының басым бағыттарының, басты қағидаттарының ішінде білім мен ғылым, инновация тұр», – деді ол.

Депутат жаңа Конституцияда білім мен ғылым саласын қаржыландыру саясаты айқындала түскенін атап өтті.

«Мысалы, Қаржы министрлігі, басқа да уәкілетті органдар ғылым саласына, білім саласына бөлінетін қаржыны қысқартайық деп, мұғалімдердің айлығын азайтайық деп енді айта алмайды. Өйткені ол тек заңға немесе әлдебір бағдарламаларға қарсы шығып қана қоймайды, Конституцияға қарсы шыққан болып шығады. Өйткені бұл мәселелер Конституцияның бірнеше жерінде мемлекеттің басым бағыты ретінде бекітіліп отыр. Сондықтан бұл қарапайым азаматтардың баласын балабақшаға беру, мектепте оқыту құқықтарына кепілдік береді. Жоғары білім алатын, ғылыммен айналысатын азаматтарға да бұл үлкен кепілдік», – деді Асхат Аймағамбетов.