$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаевтың анасы туысын сотта жеңіп, жарты миллиард теңге өндірілді

Астана соты Бекзат Кемелованы 6 жыл 8 айға соттап, 500 млн теңге өндіріп берді

Бишімбаевтың анасы туысын сотта жеңіп, жарты миллиард теңге өндірілді
Фото: Azattyq Rýhy

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Бишімбаевтар әулетіне қатысты даулы істі қарап, үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот шешімімен Бекзат Кемелова 1 миллион доллар көлеміндегі қаражатты жымқырды деген айып бойынша кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар сот үкімімен Кемелова Алмира Нұрлыбекованың пайдасына 500 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші тарап сотталушыны ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптаған. Сот дәлелдемелер жиынтығын жеткілікті деп танып, айыпталушының кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келген.

Алайда сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жаза 1 жылға кейінге шегерілді. Бекзат Кемелова сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеп, кінәсі толық дәлелденбегенін алға тартты.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Алмира Нұрлыбекова өз туыстары Қайрат және Бекзат Кемеловтерге қатысты сот дауын бастаған еді. Ол Бекзат Кемелованы шамамен 1 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деп айыптаған.